03 Маус 2020
Материал Снежинка

Біз туралы

Құрметті ата-аналар!

№25 «Снежинка» бөбекжайы» - 1988 жылы ашылды. Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі ұлттық даму стратегиясымен тығыз байланысты мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып табылады. Бала – біздің болашағымыз. Балабақшадағы тәрбиелеу мен оқыту баланың ғана емес, еліміздің де жарқын болашағының кепілі. Ол-үздіксіз білім берудіңалғашқы деңгейі. Бөбекжай директоры Турмаганбетова Айман Маратовнаның басшылығымен ұжым мүшелері бала тұлғасының қалыптасуы мен дамуы үшін жағдайлар жасауда.Оқу-тәрбие жұмысы білім мазмұнын жаңартудың 5 саласы бойынша ұйымдастырылады. Олар: денсаулық, әлеуметтік, танымдық, қатынас, шығармашылық бағыттарын қамтиды.

Балабақшаның материалдық базасы заманауи талаптарға сай жасалынған. Музыкалық зал, бассейн, асхана, дәрігерлік қызмет түрлері толық жабдықталып қамтылған. Іскер басшы Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі білім беруді жаңғырту, дамыту ісіне ерекше көңіл бөлуде.

Біздің балабақшамызда  барлық балалар мен ата-аналарға арналған білім беру және тәрбиелеу орталығы болуына көп күш жұмсайтын керемет педагогикалық ұжым жұмыс істейді.

Біздін балабақша-бұл балалар ойнайтын, ертегілер тыңдайтын, пайдалы еңбекпен айналысатын, қарым-қатынас жасайтын отбасы жағдайы орнаған жылы үй. Балабақшада орын алған үй атмосферасы топтарда, жылы жатын бөлмелерде, ашық ойын бөлмелерінде ғана емес, ең алдымен біздің еңбек сіңірген педагогтар мен тәрбиешілердің көмегімен қол жеткізілді.

Біз сіздерге және сіздің бүлдіршіндеріңізге әрқашан қуаныштымыз!

Сіздерге сәттілік пен денсаулық,  оптимизм тілейміз!


Атауы: Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Орал қаласы білім беру бөлімінің "№25 "Снежинка"бөбекжайы" МКҚК
Тәрбие беру тілі: Қазақ, Орыс
Тип: Мемлекеттік
Негізгі құны, айына: Білім беру қызметтерінің тарифтік жоспары
Жалпы білім беретін топ, толық күндік:
2 жастан 3 жасқа дейін:0 теңге бір ай үшін;
3 жастан 4 жасқа дейін:0 теңге бір ай үшін;
4 жастан 5 жасқа дейін:0 теңге бір ай үшін;
5 жастан 6 жасқа дейін:0 теңге бір ай үшін;
Тамақтану қызметтерінің тарифтік жоспары
Жалпы білім беретін топ, толық күндік, үлгілік тамақтандыру рационы:
2 жастан 3 жасқа дейін:9000 теңге бір ай үшін;
3 жастан 4 жасқа дейін:12000 теңге бір ай үшін;
4 жастан 5 жасқа дейін:12000 теңге бір ай үшін;
5 жастан 6 жасқа дейін:12000 теңге бір ай үшін;
Жеңілдік қызметтерінің тарифтік жоспары
Қарастырылмаған
Жұмыс тәртібі: Бескүндік жұмыс аптасы, 08:00-ден 17:40 дейін
Кезекші топ: 07:30-ден 08:00 дейін, 17:40-ден 19:00 дейін (тегін)
Қосымша жабдықтау: Бассейн; бейнебақылау
Телефон: +7 (7112) 22-13-38
Web-сайт: http://snezhinka.bilim-oral.gov.kz/
Мекен-жай:  Орал қаласы, 4 шағын ауданы, 7А үй

ТАӘ: Айман Маратовна Турмаганбетова
Лауазымы Меңгеруші
Жасы: 45 жас
Санаты: Жоқ
Мектепке дейінгі тәрбие бойынша жалпы еңбек өтілі: 22 жас
Басшының жалпы еңбек өтілі:  3 жас

Мектепке дейінгі ұйымның жобалық қуаттылығы: 280 адам

Мектепке дейінгі ұйымның нақты жүктемесі: 287 адам

Балалар топтардың саны: 12


2-3
Топ Тәрбие беру тілі Балалар саны Бос орындар Тип группы
Балапан Қазақ 22 0 Қарапайым
Бөбек Қазақ 24 0 Қарапайым

3-4
Топ Тәрбие беру тілі Балалар саны Бос орындар Тип группы
Қарлығаш Қазақ 23 0 Қарапайым
Аленушка Орыс 24 0 Қарапайым
Гулдер Қазақ 25 0 Қарапайым

4-5
Топ Тәрбие беру тілі Балалар саны Бос орындар Тип группы
Айналайын Қазақ 23 1 Қарапайым
Ботақан Қазақ 24 0 Қарапайым
Белоснежка Орыс 30 0 Қарапайым
Ақшақар Қазақ 24 1 Қарапайым

5-6
Топ Тәрбие беру тілі Балалар саны Бос орындар Тип группы
Тюльпан Орыс 24 1 Қарапайым
Айгөлек Орыс 24 1 Қарапайым
Жұлдыз Қазақ 20 0 Қарапайым