26 Нау 2022
Жаңалықтар

Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының балаларды қолдау CALL-орталығы

Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының балаларды қолдау CALL-орталығы

Республикалық сенім телефоны туралы
Кәмелетке толмағандарға зиян келтіру туралы ақпараттар мен бейнематериалдарды жедел анықтау мақсатында республика көлемінде ҚР БҒМ ұйымдастырумен Telegram мессенджерінде «Bala Qorgau» атты чат-конференциясы және (87172) 74-25-28 сенім телефоны жұмыс жасайды. «Bala Qorgau» чатында басқарма және білім мекемелерінің қызметкерлері тіркелді. Чатқа түскен хабарламаға қатысты жедел анықтау шаралары жүргізіледі.
Сонымен қатар, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері, балалардың құқықтары бұзылғандығы туралы және олардың өміріне қауіп төнуі бойынша «Nur Otan» партиясы жанындағы Отбасы, әйелдер мәселелері және балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі «111 ЖЕДЕЛ ҚЫЗМЕТ» байланыс орталығы жұмыс жасайды.